ШҚО-да қайық аударылып екі адам суға батты

425
көрілім
Шартты фотосурет

Бұқтырма су қоймасында екі жігіт батып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңертең құтқарушыларға Бұқтырма су қоймасында қайық аударылып, екі азаматтың батып бара жатқаны жайлы хабар түскен. Олар оқиға орнына келіп жеткенше 1998 жылы туған жігіттер батып кетті.

– Біреуінің денесін сол маңайда болған куәгерлер алып шықса, екіншісінің мәйітін сүңгуірлер тапты. Қайықпен серуендеуге шыққан ер адамдар жағадан тым алыс кетіп қалған. Кенеттен қайық аударылып түсіп, қайғылы жағдай орын алды. Жыл басынан бері өңірімізде 16 адам суға кетті, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар тұрғындарға суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.