ШҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

318
көрілім

Қоғамдық келісім орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Алтай Достық үйінің Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері өмірлік қиын жағдайға тап болған бірнеше отбасыға көмектесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Волонтерлік команда өз күштерімен қажетті киім-кешек, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдерге арналған заттарды жинап, оларды Алтай қаласындағы екі жанұяға және Тұрғысын ауылында тұратын отбасына табыстады.

– Біздің команда мүшелерінің әрқайсысы игі іске ерекше ықыласпен қарай отырып, балаларға арналған заттарды сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен іріктеп алды. Барлық үш отбасына жеткілікті заттардың бар екеніне көз жеткізіп, біз жұмыспен қамту бөлімінің мамандарымен бірге жолға шықтық, – дейді Алтай ауданы ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Ирина Тимофеева.