ШҚО-да келісі 220 мың теңге болатын балықтың барын білесіз бе?

402
көрілім

Таймень баршаға таныс. Түр тұлғасы әдемі, дәмі де тіл үйіретін балық. Қазіргі таңда оның етінен дәм татуға мүмкіндік жоқ. Себебі облыстың өзендерінен оның кездестіру қиынға соғады. Ал кезінде балықшылар таймень аулаудан жарысып, олжасымен мақтанатын.

Таймень албырт тұқымдасына жатады және оның Қазақстандағы ең ірі түрі болып табылады. Облыс аумағында тек Ертісте, Бұқтырма суқоймасында және олардың оң тармақтарында мекендейді. Алғаш рет балықтың бұл түрін 1773 жылы неміс табиғат зерттеушісі Петер Симон Паллас ашып, сипаттаған, ол ресей тәжінің қызметінде жүріп, империяның террритриясында бірнеше экспедиция жасайды, соның ішінде Алтайға да келіп қайтқан.

Өткен ғасырдың 40-жылдарында таймень Ертістің жоғарғы жағында көптеп кезігетін. Бірақ бқл балықтар үйір құрмайтын болғандықтан, кәсіпшілік балық түріне жатпайды. Яғни, оны аулау кезінде саны есепке алынбайтын. Көбінесе оны жергілікті тұрғындар отбасылық қажеттілік үшін ғана аулайтын. Мұндай бақылаусыз аулаудың салдарынан Етістегі тайменьнің саны күрт азайып кетті. Оның саны облыс өзендерінде гидростансалар құрылысына байланысты да азая түсті.

Қазіргі атңда Қазақстанның Қызыл кітабы тайменьді саны апатты түрде азайып юара жатқан түрге жатқызады. Оны аулауға тыйым салынған, ал заңсыз аулағаны үшін әкімшілік айыппұл 1 келі тірі салмаққа 100 АЕК-ті (226 900 теңге) құрайды. 2009 жылы Обадан таймень аулаған Шмеонаиха тұрғынына 388 800 теңге айыппұл салынды.