ШҚО-да кене шаққандар саны артты

423
көрілім
Шартты сурет

Кене зардабынан 3 мыңнан астам адам дәрігерлерге жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көктемнен бері облыс аумағында кене шағуына байланысты дәрігерлерге 3346 адам жүгінгенін хабарлады. Олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 30%-ды (997 адам) құрады. Шағымданғандардың арасында 93%-ы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алған, ал қалғандары кезінде оған қарсы екпе алған немесе препаратқа қарсы көрсетілімдері болған. Кене шаққаннан кейін сегіз адамның энцефалитпен ауырғандары белгілі болды. Олардың ешқайсысы ауру белгілері басталғанға дейін емдеу мекемесіне жүгінбеген.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар ем-дом жұмыстары тек ауруханада жүргізілетіндіктен, науқастардың ауруханаға жатқызылғандықтарын айтты.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда кене шағудан зардап шеккен адамдарға профилактикалық көмек көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жеткілікті мөлшерде бар.