ШҚО-да кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Меморандумға қол қойылды

269
көрілім

ШҚО көлік прокуратурасы, кәсіпкерлер палатасы және «Nur Otan» партиясы Өскемен қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен өткен жиында кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша 2020 жылға арналған өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Мұндағы мақсат - теміржол, әуе және су көлігіндегі кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуына тосқауыл қою, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Меморандум бірлескен мобильді топтардың қызметін, заңнаманы нақтылауды, кәсіпкерлерді жүйелік бизнес мәселелерін шешу процесіне тартуды, бизнесті, инвестициялық ахуалды және көлік аймағындағы бизнестің тұрақтылығын жақсартуға құқықтық жағдай жасауды қарастырады.

Бизнес өкілдері көлік саласындағы кәсіпкерлердің құқықтары бұзылғандығы туралы ШҚО көлік прокуратурасының 8 (7232) 61-40-69 сенім телефонына, кәсіпкерлік құқықтардың бұзылуына қатысты кез-келген сұрақтар бойынша ШҚО кәсіпкерлер палатасына 8 (7232) 74-21-04 телефоны арқылы хабарласа алады.