ШҚО-да кейуана бойындағы қарғысты жоямын деп алаяққа алданған

282
көрілім

Тәртіп сақшыларына хабарласқан зейнеткер әжей алаяққа алданғанын айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс сыған әйел келіп, кейуананың бойындағы қарғыс, дұғаның күшін жойып беремін деген. Сенімге кірген ол зейнеткерді 46000 теңгеге алдап, сан соқтырды.

Алаяқ әйел бұл оқиғадан біраз уақыт бұрын жергілікті арнаның бірінен бал ашып, қарғысты кетіретінін хабарлаған. Жарнамасына сенім артқан кейуана алдын ала төлем ретінде 46000 теңгесін берген. Алайда соңында еш нәтиже болмаған соң сыған әйелдің үстінен шағым түсірген.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында 30 жастағы қала тұрғыны анықталды. Заттай айғақтар тәркіленді. Аталған фактіге байланысты алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалған, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.