ШҚО-да ҚХР азаматтарына қатысты сотта орын алған бүліктің себебін түсіндірді

526
көрілім

Зайсан аудандық сотына қатысқандар әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 21 күні Қылмыстық Кодекстің 392-бабының 1 бөлігі «ҚР шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін» Қытай Халық Республикасының екі азаматына, яғни Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімге қатысты үкім шықан болатын. Нәтижесінде сот оларға бір жыл бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындады. Онымен қоса сот ғимаратының алдына жиналғандар «Бостандық!» деп айқайға басқан бейнетаспа да әлеуметтік желілерге лезде тарап кеткен болатын.

– Қорғау тарабы сот шешімін заңды және әділ деп санай отырып, жауапқа тартылғандарды зор қошеметпен қарсы алды, дегенмен басқа да айтатын маңызды дүниелер бар, – деп жазды әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында Шығыс Қазақстан облыстық сотының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судьясы Назгүл Рахметуллина. – Егер біз барлығымыздың заң алдында теңдігімізді конституцияның негізгі принципі деп санайтын болсақ онда одан ешқандай жеңілдік болмайды. Мүлікті, оның ішінде салық төлеушілердің ақшасына сатып алынатын мемлекеттік мүлікті бүлдіруге және басқа адамдарға қатысты зорлық-зомбылық қолдануға жол берілген кезде ешқандай дәлелдер негізсіз құқыққа қарсы әрекеттерге ақтау бола алмайды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар кеше Зайсан аудандық сотының алдында орын алды.

Соған қарамастан сот ісі ашық өтті, кез келген еріктінің қатысуына шектеу қойылмады.

– Ғимаратқа кіруге ешкім кедергі келтірмеді, бір-бірлерін итеріп, кедергі жасамай кірсе де болатын еді, - дейді Назгүл Рахметуллина. – Осы жағдайға байланысты сот процесі жоспарланған уақытынан кеш басталды. Қазіргі уақытта Зайсан аудандық сотында өткен акцияға кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.