ШҚО-да көктайғақ болады

593
көрілім
Шартты фотосурет

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сәйкес Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде желдың күші секундына 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Тағы бір бөлігінде бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар өңірінде тұман түсіп, Павлодар облысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түсіп, жел екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

ШҚО-ның кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.