ШҚО-да көктайғақ күтіледі

292
көрілім

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Республиканың тек солтүстік-шығысы мен шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.

Жекелеген өңірлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, шығыста жаяу бұрқасын болжанады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі күтіледі.