ШҚО-да көктайғақ күтіледі

249
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар республика аумағына әсер етуіне байланысты елдің басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. Түнде еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.
 Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын  соғып, көктайғақ күтіледі, облыстың батыс бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.