ШҚО-да көлік жолдары ашылуда

300
көрілім

ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған көлік жолдары ашылуда, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ШҚО ТЖД ресми сайтына сілтеме жасап.

- Желдің күшеюі мен ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған көлік жолдары бүгін таңертең 5.15-тен бастап ашылуда, - делінген ШҚО ТЖД ресми сайтында.

Атап айтқанда, сағат 5.15-те «Өскемен-Семей» (Герасимовка-Семей бағытындағы 10-198 шақырым), 7.15-те «Омск-Майқапшағай» (Семей-Павлодар тасжолының 733-587 шақырымы), 8.00-де «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай», 8.30-да «Семей-РФ шекарасы», 8.45-те «Семей-Қайнар» республикалық маңызы бар көлік жолдары барлық көлік түрлері үшін ашылған.