ШҚО-да көліктің жабдықтарын арнайы рұқсатсыз өз еркімен ауыстырғандар жауапкершілікке тартылуда

259
көрілім

Жедел алдын алу шаралары барысында бір күннің ішінде арнайы рұқсатсыз қайта жабдықтау бойынша 9 оқиға тіркелді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өскемен қаласының тұрғыны Газель көлігіне жеңіл көліктің қозғалтқышы мен беріліс қорабын орнатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол қажетті рұқсатсыз ауыстырғанмен қоймай қала ішінде заңсыз тасымал жасаған.

Сол сияқты "Автобус" жедел алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері 53 жастағы жүргізушіге қатысты хаттама толтырды. Көлік жабдығын ауыстырған ол шағын автобусқа автоматты беріліс қорабын қойған.

Естеріңізге сала кетсек, 10-17 қазан аралығында республика бойынша "Автобус" жедел алдын алу шарасы өтуде.

– Бір күнде автобус жүргізушілерімен болған 269 бұзушылық анықталды. Жүргізушілер көлікті қозғалысқа келтіру бойынша 41, басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану бойынша 42 оқиға тіркелді. Осы сияқты 28 оқиға ауаны ластайтын заттарды көліктердің шектен тыс көп шығаруы бойынша белгіленді, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.