ШҚО-да колорадо қоңыздарының көбеюі күтілмейді

278
көрілім

Мамандардың хабарлауынша, өткен қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты қоңыздардың дернәсілдері аман қалған жоқ, деп мәлімдейді Бұқара.кз тілшісі.

Қыс қаһарлы, әрі қар аз болып, соның салдарынан қоңыз дернәсілдері қырылып қалды, — дейді ШҚО бойынша фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының жетекшісі Мәди Бектеміров.

Осыған сәйкес жылы маусымда зиянкестердің қаптап кету қаупі төмен.

Қоса кетсек, егіс алқаптарында шегіртке шабуылына қарсы шаралар ұйымдастырылуда. 46 мың гектар жерді өңдеуге арналған пестицидтер, құрал-жабдықтар сатып алынған.