ШҚО-да Қоңыр Әулие үңгірінің жанында қонақүй ашылады

402
көрілім

Қасиетті орынды көркейту үшін 25 миллион теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қоңыр Әулие үңгірінің маңайына бұрын-соңды абаттандыру жұмыстары бірде-бір рет жүргізілмеген. Жақында үңгірдің ішіне ағаш тақтайшалар мен баспалдақтар орнатылды.

- Қазір ол жерде инвестициялық жоба іске асырылуда, - деді облыстық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов. - Инвестор ол жерге 25 оырндық қонақүй салуды жоспарлап отыр. Қоңыр Әулиеге апаратын жолдың бір бөлігі Семей-Қарауыл тасжолын жөндеу үшін де 2,2 миллиард теңге қаржы бөлінген. Үңгірдің ішіндегі орналасқан табиғи көлдің құрамына бальнеологиялық қорытынды жасалады.