ШҚО-да коронавирус жұқтырған 4 науқас сырттан келген

345
көрілім
Шартты фотосурет

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 8531-ге жетті. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында жаңа 4 науқас тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, індетке шалдыққан 4 адам да сырттан келген.

– 1957 жылғы зейнеткер мемлекеттік шекарадан Уба автоөткелі арқылы өтіп, шетелден келген азамат ретінде тексерілді. Ер адам Новосибирск қаласынан Өскемен қаласына тұрғылықты мекен-жайына бет алған. 1991 жылғы ер адам Ауыл автоөткелі арқылы шекарадан өткен. Науқас Горняк қаласынан Семей қаласына тұрғылықты мекен-жайына келген. 1992 жылғы әйел адам 2012 жылғы қыз баласымен мемлекеттік шекарадан Ауыл автоөткелі арқылы өтіп, шетелден келушілер ретінде тексерілді. Олар Владивосток қаласынан Алматы облысы Үштөбе қаласына тұрғылықты жерлеріне бағыт алған. Алдын ала жүргізілген эпидемиологиялық тергеу нәтижесі бойынша жақын байланыста болған 3 адам мен 1 ошақ анықталды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда. Жалпы өңір бойынша коронавирус жұқтырған 66 адам тіркелді.