ШҚО-да құну бейнетүсірілімге түсіп қалды

452
көрілім

Өңірдегі Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығында құну фототұзаққа түсіп қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнетүсірілімді ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жариялаған. Оның айтуынша, мамандар бұл аңды аталмыш қорықтан жиі кездестіреді.

– Құнулар ұдайы сақ жүреді, ашуға мінсе біршама қауіпті. Олар өлексенің иісін алыстан сезеді. Иіс сезу қабілеті өте жоғары, көздері өткір әрі дыбысты едәуір қашықтан тұрып естиді. Қан ізімен жүріп отырып аю, сілеусін, қасқыр шабуылдаған жануарлардың қалдығын жеп күнелтеді. Бұған қоса, құнулардың өздері де тауешкі, елік, бұлан сынды жануарларға шабады, – деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Сондай-ақ баспасөз хатшысы аталмыш аңның Еуропа, Азия және Солтүстік Американың суық өңірлерінде мекендейтінін жеткізді.