ШҚО-да Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жинағаны үшін 12 адам ұсталды

318
көрілім

Инспекторлар күдіктілердің 10 қап алтын тамырды жинаған жерлерінде үстерінен түскен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Заңбұзушыларды Кеңсай ауылдық округіндегі Көк томар жерінде жергілікті тұрғындар байқап қалып хабар берген.
– Зайсан аудандық Полиция бөлімінің жедел тергеу тобы 12 адамды ұстады. Тексеріс кезінде анықталғаны құрықталғандар 27 және 51 жас аралығындағы Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Онымен қоса жоғалып бара жатқан Қызыл кітапқа енген 10 қап алтын тамыр өсімдігі тәркіленген, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Тәртіп сақшылары атап өткендей алтын тамыр халықтық медицинада кеңінен қолданылатын пайдалы өсімдік. Осы себептен де заңсыз жинаушылар өсімдіктің көбеюіне зиян тигізуде.