ШҚО-да мал шаруашылығы саласы дамып келеді

1303
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында  мал шаруашылығы саласы дамып келеді. Мәселен, Семей қаласында биыл мал саны біршама артқан, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Семейде осы жылы жылқы саны 15,6 пайызға артты. Бұл жайлы Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында шаһар әкімі Бақытжан Байахметов айтты

«Жалпы биыл 15 600 гектар алаңға ауылшаруашылық дақылдары егілді. Минералды тыңайтқыштарды өндіру, пайдалану және жаңа технологияларды қолдану барлық дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Нақты айтқанда, бидай – 30%, майлы дақылдар – 16%, картоп – 20%, көкөніс – 9% және бақша дақылдары – 4,5% артты», - деді ол.

 

Ет өнімдері – 6,2%, сүт – 2,9% және жұмыртқа 2,8 есеге өскен. Сондай-ақ ірі қара мал басы – 8,5%, қой және ешкі – 7,4%, жылқы 15,6% артып отыр.

«Сонымен қатар осы жылы ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген кәсіп иелеріне 40 жеңілдетілген несие берілген. Осылайша шаруагерлер 748 ірі қара, 1370 бас ұсақ мал және 513 жылқы сатып алды», - деді Бақытжан Байахметов.