ШҚО-да мамыр айында азық-түлік бағалары қалай өсті?

487
көрілім

2018 жылдың мамыр айында өңірімізде азық-түліктің бағасы өскен. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда азық-түлік құны 5,1%-ға қымбаттапты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Статистика департаментіне сілтеме жасап.

Ет және ет өнімдерінің баға өсімі 8%-ды құрады. Сиыр етіне баға деңгейі – 9,6%-ға, жылқы етіне – 8,9%, шұжық өнімдеріне – 8,1%, шошқа етіне – 7,8%, қой етіне – 6,9%, құс етіне 1,9%-ға жоғарылаған. Ал бағасы ең қымбаттаған өнімдер: алкогольді ішімдіктер – 11,5%, сүт өнімдері 10,4%, балық және теңіз өнімдері 8%, кондитерлік өнімдер 7,8%.