ШҚО-да мас жүргізуші жол апатына ұшырады

331
көрілім

Полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша, мас күйінде көлік жүргізген ер адам осы уақытқа дейін жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жол апаты Семей қаласының шетіндегі Восточный кентінде орын алған.

- 33 жастағы азамат «Уаз» автокөлігін басқарып келе жатқан. Мас күйінде рөлген отырғандықтан қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқан, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейін полиция қызметкерлері айыптаушының көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтайды.