ШҚО-да майлы дақылдарды өңдеу бойынша ірі жобалар жүзеге асырылуда

231
көрілім

Бүгінде елімізде күнбағыс өнімінің 66%-ы Шығыс Қазақстанда өсірілуде. Өңірдің майлы дақылдар бойынша үлесі 23%-ды құрайды. Ал жаңадан салынып жатқан зауыттар Алтай аймағынан экспортқа дайын өнімдерді шығаруға мүмкіндік бермек.

Семейдегі май өңдеу зауытының қуаттылығы күніне 1000 тонна күнбағысты өңдеуге жетеді. Бұдан бөлек, Глубокое ауданындағы екі ірі цех пен Шемонаиха ауданындағы қайта өңдеу зауыты қолданысқа берілмек. Облыс әкімі Даниал Ахметов ШҚО Ауылшаруашылығы басқармасына қысқа уақыт ішінде майлы дақылдардың егістік алқабын арттырудың жоспарын құруды тапсырды. Жоспарға күнбағыстан бөлек, соя, рапс және зығыр сынды тағы басқа дақылдар кіруі тиіс.

– Ауылшаруашылығы өнімдерінің тиімділігін арттыру керек. Соя, жүгері сынды өнімдердің алқабын көбейтеміз. 2025 жылға қарай біз соя алқабын 7 есе, жүгері алқабын 5 есеге арттыруды жоспарлап отырмыз, – деді Даниал Кенжетайұлы.

Өңірде ауылшаруашылығы саласын дамытудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде егіс алқаптарының аумағы бөлініп, заманауи өңдеу технологиясы енгізіліп, нарық талабына сай келетін өнімдер шығарылмақ.