ШҚО-да медициналық қызметте үшдеңгейлі мониторинг сапасы жоғарылайды

386
көрілім

Бұл мәселеге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов медицина сапасының артуына байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жөніндегі баяндамасында тоқталды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғаның айтуынша, медицинадағы сапаны бақылауда ұстау үшін аймақ көлемінде 18 білікті маман бас қосып талқылап, одан бөлек, 45 отырыс ұйымдастырылған. Негізгі күш мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін автоматтандыруға жұмсалмақ.

– Медицина саласына бөлінетін қаражат көлемі жылда түрленіп отырады. Алайда бұл ара-тұра төмендеп кетеді дегенді білдірмейді. Қазір көбінде цифрландыру жұмысына жиі көңіл бөлінгендіктен ақпараттық жүйедегі мониторинг жүргізу бірінші деңгейде болып тұр. Ал екінші, үшінші деңгейде әлеуметтік жеткізушілер дефектісі артып отырады. Өңірдегі әр ауданда түрлі емдік-профилактикалық кеңестер өткізілді, – дейді Айбатыр Нышанбайұлы.

Сонымен қатар медициналық қызмет мәселесі дегенде электронды сатып алу жағы да қозғалды. Оның ішінде қағаз түріндегі құжаттарды азайтып, қызметкер мен науқастың уақыт үнемдеуін екіжақты қарастыру жағы сөз болды. Медициналық қызметті сатып алуды қадағалауда аймақтық, республикалық деңгейдегі комиссия мүшелері құрылған. Басқарма төрағасы еліміздің Қаржы министрлігімен бірлесе медициналық сатып алуды электронды нұсқаға алмастыру жоспары алдағы қазан айында белгіленетінін жеткізді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ