ШҚО-да мектеп оқушысына іздеу жарияланды

287
көрілім

Еріктілердің айтуынша, сегізінші сынып оқушысы Сергей Журавлевке тағы да іздеу жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Volontery_Semey_LIDER.KZ тобының мәлімдеуінше, 2004 жылғы Сергей Журавлев үйінен шығып, белгісіз жаққа бет бұрған. Сол күйі қайтып оралмаған. Бозбала Шемонаиха ауданының Первомайск кентінде тұрады.

Бұған дейін Сергейге көктемде іздеу жарияланған еді. Ол кезде Өскемен қаласынан табылған болатын.