ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64%-ы әйелдер

304
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілердің 64%-ын әйел адамдар құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінгі таңда өңірде мемлекеттік қызметте 7940 адам еңбек етуде. Бұл көрсеткіш бойынша ШҚО республикада екінші орында. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41. Оның ішінде 196 адам зейнет жасына таяғандар. Ал әйелдердің үлесі – 64%-ды құрап отыр. Сондағы 17% -ы басшылық лауазымдарды атқаруда. Мемлекеттік қызметшілердің 90%-ы жоғары білім алған.

- Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметтен басқа жұмысқа ауысатындар көп. Бұған көбінесе жалақының аздығы, жүктеменің көптігі, жұмыс кестесінің ауыр болуы себеп, - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы.