ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің заңсыздығына қарастырылған санкциялар аталды

484
көрілім

Қаңтар айының 10-ы күні ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет Ұлан ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға шара барысында «ASHYQ AKIMDIK» сервистік аудан әкімдігінің жұмысымен танысты. Аталған сервистік әкімдік "Open space" форматында жұмыс істейді, осылайша мемлекеттік органның азаматтар үшін транспаренттілігін, есептілігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Жұмыс тұжырымдамасы «бір терезе» қағидаты бойынша халықтың облыстың атқарушы билік органдарына ыңғайлы жүгінуін ұйымдастыруға бағытталған, азаматтарға ашық және кедергісіз қызмет көрсету арқылы қажетті мәселелер бойынша құқықтық көмек пен консультациялар алуға мүмкіндік береді, қажетті ақпаратты ұсынудың сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Тексеру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы аудан әкімі аппаратының басшылығына келушілерге қолайлы жағдай жасау және азаматтарды қабылдау бөлмесін кеңейту бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Сондай-ақ, Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрманбаевтың, «Шығыс Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бахыт, аудан әкімдігі аппартының басшылығы және ZOOM режиміне қосылған ауданның 16 ауылдық округ әкімі, БАҚ, қоғам өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту жөніндегі заңнамалық новеллаларды түсіндірді. Атап айтқанда, бірінші басшылардың қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігін енгізу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасыларына сыйлықтар алуға толық тыйым салуды енгізу, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамын кеңейту және пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы.

– Бүгінгі алаңды пайдалана отырып, сіздерді заңсыз сыйақы төлеу немесе алу арқылы мәселелерді шешуден толық бас тарту жөнінде халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырамын. Бұл үшін қатаң қылмыстық санкциялар қарастырылған, - деді Ерлан Жалмағамбет.