ШҚО-да мемлекеттік органдар бюджетін мониторингілеу нәтижесінде 2 млрд 260 млн теңге үнемделген

372
көрілім

Бүгін «Antikor Ortalygy» сервис орталығының алаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин Департаменттің 2021 жылдың 9 айындағы қызметін қорытындылау бойынша онлайн брифинг өткізді.

«ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға және оларды болдырмауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында қыркүйек айында осы мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды. Талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ арзандатылған дизель отынын бөлу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді, оның нәтижесінде дизель отыны көлемін айқындау кезіндегі заңдылық, операторды таңдау ашықтығы, сондай-ақ ЖЖМ пропорционалды емес бөлу мәселелері бойынша уәкілетті органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

- Бұрынғыдай, Департамент мемлекеттік сатып алулардың бағалық мониторингіне ерекше назар аударды. Жыл басынан бері осы «Сатып алулардың бірыңғай терезесінде» мемлекеттік органдардың бюджеттерін мониторигілеу арқылы 2 млрд.260 млн. теңгені үнемделді, - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ Департамент басшысының бірінші орынбасары қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге облыстың тағы бір кәсіпорны – «Қазэлектромаш» ЖШС кіргенін атап өтті (жыл басынан бері жалпы инвестиция сомасы 334,1 млрд.теңге болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 46 келісім жасалды).

2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі Кешенді жоспар шеңберінде отбасында парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында «Парасатты отбасы» конкурсы, сондай-ақ ЖОО студенттері арасында жобалар конкурсы, үздік сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік бейнеролик конкурсы өткізілді. Білім беру мекемелерінде қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жүлдегері, «Қазақстан Барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы және «Әлем Кубогының» үш дүркін иегері Айбек Нұғымаровтың қатысуымен «Парасаттылық сағаты» өткізілді.

«Адал көмек» жобасы аясында заңнама нормаларын түсіндіру бойынша 71 тікелей эфир өткізілді, облыстың 34 азаматына тегін заң консультациясы көрсетілді.

- 2021 жылдың өткен кезеңінде 93 қылмыс, оның ішінде 81 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды. Тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігін жымқыру (32) және парақорлық (48) фактілері құрайды. Аса ауыр және ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамына 60 қылмыс жатады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 64 тұлға жауапкершілікке тартылды. Анықталған залал сомасы - 812,4 млн.теңгені құрайды, - деп түйіндеді Жігер Байділдин.