ШҚО-да МӘМС жүйесіне қаржыландыру мәселелері бойынша жұртшылықпен кездесулер өтуде

770
көрілім

Жұмыс тобының Шығыс Қазақстан облысы аудандарының тұрғындарымен медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы, МӘМС жүйесіне қаржыландыру және тарту мәселелері бойынша кездесулері жалғасуда.

2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап МӘМС туралы Заңның жаңа нормасы енгізілді, ол азаматтарға сақтанушы мәртебесін бір жыл бұрын алуға құқық береді. Халықты тереңірек және егжей-тегжейлі ақпараттандыру үшін ШҚО  барлық аудандары бойынша есептік кездесулер науқаны басталды. Жұмыс тобының құрамында Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Нұрлан Кидирбаев, облыстың денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, медициналық көмек мәселелері бойынша аудандардың кураторлары бар.
Кезекті кездесу 2022 жылғы  30 қарашада Шемонаиха қаласында өтті.
ШҚО ӘМСҚ директоры Халықпен диалог барысында жаңа тетік бойынша сақтандырылушы мәртебесін бір жыл бұрын қалай алуға болатынын айтып берді. Сонымен қатар, ол   мәртебесіне қарамастан қамтамасыз етілген көмек-  ТМККК пакеті туралы егжей - тегжейлі  айтып өтті.
Шемонаиха аудандық ауруханасының бас дәрігері Құрманғазы Тілеубеков  те сөз сөйледі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ауданның 6 мыңнан астам тұрғыны МӘМС қатысушылары болып табылмайды. Өз кезегінде, ауданның денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кураторы, ШҚО ДСБ бас штаттан тыс онкологы, көпсалалы онкология және хирургия орталығының директоры Анна Кухарева МӘМС сақтандыру мәртебесі медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынатынын, оған бейінді дәрігерлердің консультациялары, түрлі талдаулар мен диагностикалық тексерулер, жоспарлы емдеуге жатқызу, медициналық оңалту, жоғары технологияларды қолдана отырып емдеу , медициналық көмек, аурулардың алдын алу және диагностикасы және т.б. жататынын айтты.
Аудан тұрғындарының медициналық көмек, сауықтыру және оңалту көмегі мәселелері бойынша сұрақтарға  ШҚО ДСБ ӨДМЖБ бөлімінің басшысы Мәдина Мырзабекова жауап берді.
Сондай-ақ, есептік кездесулер 23 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өтетінін еске саламыз.
Мұндай есептік кездесулер жергілікті атқарушы органдардың ӘМСҚ  нақты жұмысы мен өзара іс-қимылын бағалауға, проблемаларды анықтауға және оларды уақтылы жоюға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мұндай кездесулер облыстың барлық аудан-қалаларында өтуде