ШҚО-да мешіттер мен шіркеулерде күн сайын дезинфекция жүргізілуде

335
көрілім

Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мешіттер мен шіркеулерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
Бұл жайлы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен баспасөз брифингі барысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдулдин мәлімдеді.
- Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қайтыс болған адамның жаназасы үйден шығарылады. Бұдан бөлек, қатым түсіріп, ас беруге уақытша тыйым салынған. Мешіттер мен шіркеулерге баруға ешқандай шектеу қойылған жоқ. Десе де әр адам жеке басының қауіпсіздігі үшін көпшілік қауым жиналатын жерлерде жүрмеуге тырысуы керек ф, - деді ол.
Басқарма басшысының айтуынша өңірде коронавирустың алдын алу мақсатында барлық мешіттер мен шіркеулерде күн сайын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.