ШҚО-да Октябрь өткелі жұмысын бастауы мүмкін

418
көрілім

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылардың сөздерінше, Алтай ауданында орналасқан өткел жұмысын бастауы мүмкін, бірақ аз-кем кедергілер байқалады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Туризм бірқалыпты дамып жатқан Бұқтырма жағалауы рекреациялық аумағындағы жолдың тозығы жеткен көрінеді.
– Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес Бұқтырма су қоймасындағы туризмді дамыту үшін 2017 жылдан бері жол жөндеуді қарастырып жатырмыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.
Соған сәйкес Октябрь өткелі – Алтайка – Новохайрузовка жолын орташа жөндеу басталған. 58 шақырым жолдың жағдайы нашар, соның 18 шақырымы жөнделген.
Өскемен – Рахман қайнарлары жолы Үлкен Нарын ауылынан Октябрь өткеліне дейінгі бұрылыстан 151 шақырым. Егер аталған жол жөнделсе аралық 58 шақырымға қысқармақ.
Осының барлығы іске асса, Октябрь өткелі арқылы «Ертіс» немесе «Одесса» паромдары жолаушыларды тасымалдай бастауы мүмкін.