ШҚО-да онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауға арналған құрылғы пайда болды

110
көрілім

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия орталығы» заманауи «Mindray Resona 7» диагностикалық құрылғымен толықты. Бұл Жаңа аппараттың ерекшелігі - жоғары сападағы бейне және жетілдірілген мүмкіндіктерге ие. Қымбат жабдықты «Қазмырыш» компаниясы қаржылық қолдауының арқасында сатып алуға мүмкіндік туды.

 Ультрадыбыстық зерттеу-онкологиялық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Себебі, диагностиканың бұл түрі-қауіпсіз,тез және ақпараттық түрде қамтылған. Ескірген аналогтың  сенсорлары жиі істен шығып, жоғары сападағы зерттеуді қамтамасыз ете алмағандықтан,оның орнына жаңа ультрадыбыстық аппарат іске қосылды. Орталық мамандары скринингтің жаңа түрін белсенді түрде пайдалануда.

 «Жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында 40 пен 70 жас аралығындағы 55 мыңға жуық әйел скринингтік тексеруден өтеді», - дейді онкология және хирургия орталығының директоры Анна Кухарева.  – Олардың 10 пайызы терең зерттеуді қажет етеді.  Құрылғы жұмыс істеген сәттен бастап, аз уақыт ішінде мамандар облыстың бірнеше тұрғынында сүт безі обырын ерте кезеңде анықтай алды.Уақытында дұрыс қойылған диагноздың арқасында,науқастардың тез жазылу - мүмкіндігі жоғары.

Дәрігерлер, қатерлі ісікті емдеудің қолайлы әсерін ерте диагностика өткен жағдайда ғана болжай алады.  «Mindray Resona 7» кішкентай бөліктерді анықтай отырып,көлемі шамамен үш миллиметр болатын ісіктерді таба алады.Сонымен қатар, бейненің - ең жоғары сапасының арқасында, құрылғы қатесіз биопсия үшін сәтті қолданылады.

 «Денсаулық сақтау нысандарын жабдықтау – біздің әлеуметтік қызметіміздің басым бағыттарының бірі», - деп түсіндірді «Қазцинк» АҚ әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.  «Біз әрбір шығысқазақстандыққа озық медицина қолжетімді болуы үшін мемлекеттік мекемелерге ең заманауи құрал-жабдықтарды сатып алуға тырысамыз.  Жаңа УДЗ аппаратының арқасында емдеу сапасы бұдан да жақсарып, дәрігерлер бір емес, бірнеше адамның өмірін сақтап қалатынына сенімдімін.

Муратканова Ариана