ШҚО-да өрт салдарынан 4 адам қаза болды

412
көрілім

ШҚО-да екі өрт оқиғасы орын алып 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, Ұлан ауданы Асубұлақ ауылындағы Тоқтаров көшесінде орналасқан жер үйде өрт шыққан. От шарпыған аумақ 150 шаршы метрді құрады. Үйде 3 адам болған.

- Өртенген үйде жатын бөлменің еденінен 73 жастағы зейнеткердің және төсектен 14 жастағы жасөспірім қыздың денесі табылған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Үйде қалған жасөспірім қыз Церебральды сал ауруымен ауырған атасы немересін құтқармақ болып бөлмеге кірген сәтте түтіннен тұншығып есін жоғалтқан. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда. Өрт салдарынан қаза болған атасы мен немересін жерлеу үшін марқұмдардың туыстары халықтан көмек сұрауда. Көмек беру үшін @borisovich_katerina.67 инстаграм парақшасынан барлық мәліметті көре аласыздар!

Екінші өрт оқиғасы Бородулиха ауданы Камышенка ауылында орын алған. ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, үйде жанжал болып ер адам үйден кетіп қалады. Кейін әйелі жолдасын іздеу үшін артынан кеткен. Сол уақытта үйде 4 және 5 жастағы екі бала сіріңкемен ойнап отырған. Өрт салдарынан үйде қалған екі бала көз жұмды.