ШҚО-да өрт салдарынан 4 отбасы баспанасыз қалды

382
көрілім

Алтай ауданында барак үлгісіндегі үйлер өртенген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 3 наурыз күні Маяк ауылында болған.

- Өрт сөндірушілер келіп жеткенше қызыл жалын төрт үйді шарпып үлгерді. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 250 шаршы метрді құраған. 12 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен ешкім жоқ, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.