ШҚО-да осыған дейін 1742 сот процесі онлайн режимде өткен

358
көрілім

ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті ОВ-156/1 мекемесінде «COVID-19» пандемиясына байланысты наурыз айының 16-нан бастап қазіргі уақытқа дейін сот процесі онлайн режимде бейне-конференция байланысы арқылы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дүйсенбі және жұма аралығына дейін сағат 09-00-ден кешкі сағат 18-30 дейін «БКБ» жүйесі арқылы байланысады. Барлығы 5 компьютер жұмыс істеуде.

- Айыпталушылар сотқа дейінгі істерімен онлайн режимде өздерінің адвокаттары мен тергеушілерімен «Skуpе» жүйесі арқылы тілдесті. Осы уақытқа дейін онлайн режимде 1742 сот процесі өтті және әліде жалғасын табуда, - делінген мәліметте.