ШҚО-да өткен кеңес отырысында елордадағы съезге қатысатын делегаттар тізімі бекітілді

637
көрілім

Өңірде «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен ұйымдастырылған саяси кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиын «Zoom» платформасы арқылы онлайн форматта өткізілді.

Отырыстың күн тәртібінде 28 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне облыстан қатысатын делегаттар тізімі қаралып бекітілді.

Жалпы партияның съездіне Шығыс Қазақстан облысының атынан 31 делегат қатысатын болады.