ШҚО-да өзендер арнасынан асуы мүмкін

239
көрілім

Алдағы күндері Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- 23-25 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде  мұз кептеліп, су деңгейі көтеріледі, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Естеріңізге сала кетсек, Ертістің су деңгейі осыған дейін де көтерілген болатын. 13 қаңтарда Семейдегі бірқатар үйлерді су басу қаупі туған.