ШҚО-да пара беру қылмысымен екі адам сотталды

533
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен екі адам сотталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Берілген мәліметке сәйкес ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қолға алған қылмыстық іс бойынша құқық қорғау органдары лауазымды тұлғаларына 40 млн теңге сомасында пара беруге азғыру фактісі бойынша екі адам жазаға тартылды.

Жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұсынған мәліметке сәйкес жоғарыда аталғандар Спорт және дене шынықтыру ісі жөніндегі комитет төрағасының екі орынбасарына қатысты қылмыстық істің оңды түрде шешілуі үшін алаяқтыққа жол берген.

– Сот үкімімен Баймадиев 7 жыл мерзімге, Басболатов 10 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар екі сотталушы да мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, – делінген мәліметте.