ШҚО-да паралимпиадалық ат спортынан ел чемпионаты өтті

410
көрілім

Қыркүйек айының 15-16 аралығында Глубокое ауданына қарасты Винное ауылындағы ат спорты манежінде паралимпиадалық ат спортынан ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО спорт және денешынықтыру басқармасы мен «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы» КММ  ұйымдастыруымен өткен жарысқа Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарынан 21 спортшы қатысты.


- Тірек-қимыл аппараты бұзылған шабандоздар түрлі кедергілерді бағындырып, өзара мықтыларды анықтады. Тірек-қимыл аппаратының зақымдану дәрежесіне байланысты бәсеке ересектер мен жастар категориясы бес классификациялық деңгейлері бойынша өрбіді. Шығысқазақстандықтар әдеттегідей көшбасшылар қатарында, - деді ұйымдастырушылар.


 Халықаралық ат спорты федерациясының ресми сынақтарында бес классификация деңгейінің төртеуі бойынша шығысқазақстандық спортшылар топ жарды.
Жалпы, чемпионатта топ жарғандар тізімі төмендегідей:
V деңгей Жасыбай сұлтан (Ақтөбе облысы)
IV деңгей Оралбек Диана (ШҚО)
III деңгей Ескермесов Диас (ШҚО)
II деңгей Бектұрсынов Ринат (ШҚО)
I деңгей Байырқанова Рыхан (ШҚО)