ШҚО-да парасаттылық қағидаты насихатталуда

461
көрілім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету аясында ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Мейіргүл Сахариева өз сөзінде мемлекет басшысы алға қойған маңызды міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі болып табылатынын, оның алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Кездесу ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы ақпараттық – ағарту штабының басшысы (ары қарай – ААШ) Арайлым Есімбекованың және облыстық «Халифа Алтай» атындағы мешіттің бас имамы, ААШ мүшесі Ермек Мұқатайдың қатысуымен өтті.

ААШ басшысы, қоғам қайраткері Арайлым Керімбекқызы өз сөзінде жалпы қоғамдық сананы трансформациялауға және парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған штаб жұмысының маңызды аспектілері туралы айтып берді.

- Аадамдардың санасын өзгерту қажет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді күресте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа берік иммунитетті қалыптастыру қажет, сондай - ақ қоғамның белсенді қатысуынсыз қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес, - деп атап өтті облыстық штаб басшысы.

Облыстық «Халифа Алтай» атындағы мешіттің бас имамы, штаб мүшесі Ермек Мұқатайдың айтуынша, пара алу - бұл лайықты әрекет емес және адамдар бұған жол бермеуі керек, оған қарсы тұруы және парақорлықтың қауіптілігін түсіндіруі қажет.

- Бұл мемлекеттің іргетасын бұзады, әлеуметтік дамуды тежейді және онымен айналысатындарды батылдық пен қадір-қасиеттен айырады. Пара, сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ біреудің мүлкіне жасалған басқа да қол сұғу әрекеттері харам екенін еске салғым келеді. Алла тағала тікелей пара алудан басқа, әділетсіз пайда алу үшін өз жағдайын теріс пайдалануға тыйым салды, пара беруші мен пара алушыны ғана емес, олардың арасындағы делдалды да қарғады. Ислам мұсылмандарды сатуға, сатып алуға және адамдардың басқа да құқықтарын іске асыруға қатысты кез келген жағдайда әділдікті ұстануға шақырады. Адамдарды алдау нәтижесінде алынған мүлік мұсылманға тыйым салынған және иесіне қайтарылуы керек, - деді ол.

Кездесу соңында қатысушыларды парасаттылыққа, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын сақтауға шақырды.