ШҚО-да пәтерде қанша адам тіркелгенін қалай білуге болады?

226
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірдегі «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының мамандары пәтерде қанша адам тіркелгенін қалай тез тексеру керектігін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Филиалдағы баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, тұрғын үй иесі тіркелген азаматтардың санын екі жолмен біле алады.

Біріншісі – Egov.kz портал арқылы ол үшін порталда авторлану, ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен енгізу қажет. Жеке кабинетке өту және «мүлік» бөлімінде «тіркелген тұлғалардың тізімін көрсету/жасыру» тетігін таңдау.

Екінші тәсіл – EgovKzBot2.0 Telegram-бот арқылы. «старт» батырмасын басу және «қызметтер» санатына өту. "Жылжымайтын мүлік" бөлімінде «менің пәтерімде қанша адам тіркелгенін» таңдаңыз.

- Егер меншікте бірнеше пәтер болса пайда болған тізімнен қажетті мекенжайды таңдау қажет. Ұялы телефонға тексеру коды бар хабарлама келеді, оны енгізу қажет. Нәтиже бірнеше минут ішінде дайын болады. Қызметті алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет, - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қашықтан алуға болады, ал бір реттік смс-құпиясөзді пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет. МАБ-қа тіркелу «виртуальный ассистент» арқылы онлайн режимінде қолжетімді.