ШҚО-да полицейлер ұрланған 100 бастан астам малды иелеріне қайтарды

301
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ұрланған 5 млн теңгенің малын иелеріне қайтарып берді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24-28 ақпан аралығында жүргізілген «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында 40-тан астам мобильді топтар құрылған. Осы уақыт аралығында тәртіп сақшылары мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 430 көлік құралын және ет өнімдерін сататын 193 сауда орнын тексерді.

- Шара барысында мал ұрлығы бойынша 8 факті анықталып, 19 бас мал иелеріне қайтарылған. Сондай-ақ осыған дейін жасалған 27 қылмыс ашылды. Нәтижесінде құны 5 млн теңгеден асатын 100 бастан астам мал табылды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.