ШҚО-да полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

410
көрілім

Өңірдегі тәртіп сақшылары қала маңындағы тасжолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Облыста ауа-райының бұзылуына байланысты полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар кезінде жолаушыларға көмек көрсетеді. Тосын жағдайлардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары қала маңындағы жолдарда қолайсыз ауа райында ұзақ сапарларға көліктерді арнайы дайындау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

ШҚО патрульдік қызметінің жеке құрамы автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсету үшін дайындалған және жолдарды жауып тастайтын 109 уақытша пост ұйымдастырылған. 
Полиция қызметкерлері қаладан ұзақ жолға шығар алдында азаматтардан 26-28-08 (республикалық маңызы бар автомобиль жолдары), 57-42-52 (облыстық маңызы бар автомобиль жолдары) телефондары арқылы жоспарланған маршрут бойынша сапар шарттарын (шектеулердің болуы) алдын-ала білуді сұрайды.