ШҚО-да пойыздар қысқы кестеге ауысты

234
көрілім

«Защита-Зыряновск» және «Защита-Лениногорск» бағытында жүретін пойыздардың жүру  кестесі өзгерді. Пойыздар жаңа кестеге сәйкес қараша айының басынан бастап жүре бастады. Алайда жолаушылар желтоқсан айында да өзгерістер күтуде, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
«Solux экспресс» ЖШС  қараша айының басында «Защита-Зыряновск» бағытындағы пойыз өткен жылдың қысқы кестесіне сәйкес жүретінін хабарлайды.  Ол «Өскемен-1» станциясынан сәрсенбі, жұма, сенбі күндері сағат 23.20-да шығып, сағат 5.50-де Алтай қаласында болады. Ал қарама-қарсы бағыт бойынша бейсенбі, сенбі, жексенбі күндері сағат 7.20-да жүріп, 13.45-те «Өскемен-1» станциясына келіп тоқтайды.
- Бұл кестемен желтоқсан айының басына дейін жұмыс істейді. Содан кейін биылғы жылы жасалған жаңа қысқы кестеге көшеді -  дейді тасымалдаушы компания өкілдері. - 8 желтоқсаннан бастап пойыз кестесі қайтадан өзгереді. Ол Өскеменнен сол күндері сағат 23.20-да жүріп, сағат 6.20-да жетеді. Қарама-қарсы бағытта  8.20-да Алтай қаласынан шығып 14.50-де келіп тоқтайды.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қыста марутқа байланысты төрт вагон жүреді.
«Защита — Лениногорск» бағытындағы пойыз желтоқсан айының 8-інен бастап «Өскемен-1» станциясынан сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері сағат 17.20-да шығып, Риддер қаласына 20.30-да жетеді. Қарама-қарсы бағыт бойынша бейсенбі, сенбі, жексенбі және дүйсенбі күндері 6.40-та шығып, Өскемен-1 станциясына 9.50-де келеді. Қазіргі уақытта облыс орталығынан 17.30-да жылжып, 20.35-те Риддерге тоқтайды. Қарсы бағыт бойынша 6.30-да шығып, 9.40-та Өскемен қаласына келіп тоқтайды.