ШҚО-да ресейлік турист көшкіннен зардап шекті

308
көрілім

Бір топ ресейлік альпинистер Мұзтаудың шыңына шығамыз деп қиын жағдайға тап болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


– Оқиға 3 мың метр биіктікте орын алған. Мұзтауда қар көшкіні жүріп, альпинистердің бірі 63 жастағы Тюмень қаласының тұрғыны бірнеше жарақат алып, қолын сындырған, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Департамент мамандарының айтуынша, қалың тұман әсерінен көру қиын болды. Алайда құтқарушылар шатқал арасына тікұшақты қондырып, көмектескен.
Жарақаттанған альпинисті Өскемен қаласының медициналық мекемесіне жеткізді.