ШҚО-да рұқсат етілмеген әдебиеттерді шекарадан өткізбек болған шетелдіктерге ірі көлемде айыппұл салынды

381
көрілім

Тыйым салынған кітаптарды мемлекет шекарасына өткізбек болған шетел азаматына 252 мың теңгеге дейін айыппұл салынған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл жасақтарының қызметкерлері ШҚО бойынша шекара қызметімен бірлесіп Қазақстан аумағына заңсыз кіргізілмек болған тыйым салынған әдебиеттерге қатысты үш оқиғаны тіркеген.

– Ресеймен шекаралас аймақта 29 жастағы Қырғызстан азаматының сөмкесінде экстремистік тақырыпта жазылған кітап анықталды. Осыған ұқсас жағдай 34 жастағы Ресей азаматының тыйым салынған кітаппен шекара пунктінен өтпек болған кезде тіркелген. Ағымдағы жылдың сәуір айында 37 жастағы ресейліктің жеке заттарын тексеру кезінде экстремистік бағыттағы бес кітап тәркіленіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.