ШҚО-да рұқсат етілмеген өткелді кесіп өтпек болған 4 көлік қар құрcауында қалды

322
көрілім

Шығысқазақстандық 4 көлік Бұқтырма су қоймасының рұқсат етілмеген өткелін кесіп өтпек болып, қар құрсауында қалған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, оқиға 23 ақпан күні 16.20-да Бұқтырма су қоймасында орын алған. Октябрь және Қаракөл ауылдары арасындағы рұқсат етілмеген өткелді кесіп өтпек болған төрт көлік қар құрсауында қалған.

- Құтқарушылар 9 адамды эвакуациялады, - делінген ведмоство мәліметінде. - Құтқару жұмыстары 4 сағатқа созылып, көліктер Октябрь ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер болған жоқ.