ШҚО-да сегіз елді мекен таратылды

463
көрілім

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында Көкпекті, Күршім және Шемонаиха аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көкпекті ауданында Биғаш ауылдық округінің Комсомол ауылы және Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің Кіші Бөкен ауылы таратылды. Бұрынғы Комсомол ауылы Егіндібұлақ ауылының құрамына енді. Ал Кіші Бөкен ауылы Үкілі ауылының құрамдас бөлігі болды.

Күршім ауданы бойынша таратылды:

Ақбұлақ ауылдық округінің Алтай ауылы Ақбұлақ ауылына;

Күршім ауылдық округінің Діңгек ауылы Күршім ауылына;

Қалғұты ауылдық округінің Жылытау ауылы Қаратоғай ауылына;

Құйған ауылдық округінің Қарабұлақ ауылы Қайнар ауылына;

Марқакөл ауылдық округінің Тентек ауылы Марқакөл ауылына қосылды.

Шемонаиха ауданындағы Октябрь ауылдық округінің Садовое ауылы таратылып, Октябрь кентінің құрамдас бөлігі болады.

Бұл туралы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң заңды күшіне енеді.