ШҚО-да сел жүру қаупін тудыратын аумақтар бақыланды

301
көрілім
Шартты сурет.

Риддер маңындағы таулы жерлерде 30-дан астам мұздықтардың еріген суынан жиылған қауіпті көлдер бар, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


«Қазселқорғаныс» МБ биік таудағы көлдерге батиметриялық түсіру арқылы тексеру жүргізді.
– Эрозиялық процестер мен тау жынысының сырғымасы, көлдердің арнасынан асуы байқалмады, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Су қоймаларындағы су деңгейі төмен. Бір айта кетері, тексеріс кезінде бір көлдің тереңдігі 42 метрді құрады.
ТЖД мамандарының айтуынша, Риддер аймағындағы сел жағдайы тұрақты. Әзірге ешқандай қауіп жоқ.