ШҚО-да шекараны заңсыз кесіп өткен екі Қытай азаматы сотталды

472
көрілім

2019 жылы 1 қазанда Зайсан ауданы Шілікті ауылының маңындағы шекараны заңсыз кесіп өткен екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- ҚХР азаматтары Қылмыстық Кодекстің 392-бабы 1-бөлігі «ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша екі айыпталушыға қатысты үкім шықты, - деп хабарлады Зайсан аудандық сотының баспасөз қызметі. - Сот оларды бір жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қоса оларға 25 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот үкімі әлі де заңды күшіне енген жоқ. 15 күн ішінде сотталушылар аппеляциялық шағым түсіре алады. Олардың айтуынша екеуі Қытайда көрсеткен қысымға байланысты осындай әрекетке баруға мәжбүр болған.