ШҚО-да шекарашылар пойыз жолаушысынан есірткі тәркіледі

315
көрілім

Қызметтік ит пойыз вагонындағы дәретханада сырты оралған өсімдіктектес затты тауып алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


«Ауыл» шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлері иісшіл иттің көмегімен есірткі затын тапқан. Табылған нәрсе марихуана деген болжам бар. Оралған бума Бішкек-Новокузнецк бағытындағы пойыз вагондарының біріндегі дәретханадан табылды, – деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Салмағы 50 грамм болатын заттың иесі 41 жастағы Қазақстан азаматы екендігі анықталды. Айыпталушымен желілік полиция бөлімінің қызметкерлері айналысуда.