ШҚО-да шетелге кететін түлектердің саны азайды

346
көрілім
Шартты фотосурет

Облыстағы мектеп бітірушілер арасында шетелге оқуға кететіндер азайып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен қолға алынған «Білікті маман» жобасының нәтижесінде өңірде шетелде білім алғысы келетін түлектердің саны төмендеген. Бұл туралы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен баспасөз брифингі барысында облыстық Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлімдеді.

– Биыл Өскемен мен Семей қалаларындағы мектеп түлектерінің 394-і шетелде оқуға ниет білдірді. Олардың мұндай таңдау жасауына отбасыларымен бірге өзге елге қоныс аударулары себеп болып отыр. Риддер, Курчатов қалалары мен Шемонайха, Алтай аудандарындағы түлектердің шетелге кетуі бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір азайды, - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде мектеп бітірушілердің 40 пайыздан астамы облыстағы оқу орындарында білім алғысы келеді. Қалғандары еліміздің өзге аймақтарына оқуға түсуді көздеуде.